Григорий Бабаян: Қиындықтарға қарамастан, бесінші рет қатарынан чемпион атандық
Премьер-Лиганың аяқталуына үш тур қалғанда «Астана» футбол клубы бес дүркін Қазақстан чемпионы атанды.
Чехия астанасынан Қостанайға ұшар алдында «Астана» футбол клубы бас бапкерінің уақытша міндетін атқарушы Григорий Бабаян клубтың баспасөз қызметіне өз әсерімен бөлісті.
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">- Бірінші кезекте команда атынан клуб басшылығы мен біздің демеушілерімізді, жанкүйерлерімізді және барлық клубты бесінші чемпиондық атақпен құттықтаймын! Команда чемпион атану жолында үлкен тер төкті деп сеніммен айта аламын. Дәл мұндай жетістікке тек күнделікті еңбектің арқасында жетуге болады. Сондықтан да біз өз еңбегіміздің арқасында чемпиондық атаққа нағыз лайықтымыз! Әрине, ұшақта өткізген ұзақ, әрі қиын уақыттар болды. Кеше Чехияда ойын өткізіп, бүгін Қостанайға ұшып бара жатырмыз. Дегенмен, осындай қиындықтарға қарамастан, біз өз дегенімізге жеттік! Дәл қазіргі сәтте өте қуаныштымыз!</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">- Алтын жүлдені иеленіп қойғандарыңызға қарамастан, команда чемпионатта төрт ойын өткізеді. Негізгі құрамда көп өзгерістер орын алуы мүмкін бе?</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">- Біз маусым барысында барлық футболшылар ойын тәжірибесін иелену үшін барынша ротация жасап келеміз. Дегенмен, босаңсуға мүлде болмайды. Бізді алда Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясындағы шешуші ойындар күтіп тұр. Бүгінше біз қуанып, ертең Қостанайда өте қиын ойын өткіземіз. Біз өз жолымызды соңына дейін жеткізу үшін, барынша жинақталуымыз керек. Еуропа Лигасы топтық кезеңдерінің ойындарына ойын ритімі ауадай қажет екендігін жақсы түсінеміз. Егер жұмыс жасауды доғаратын болсақ, еурокубоктерде қиын болары сөзсіз. Дегенмен, біздің бақытымызға орай, барлық ойыншылар өз істерін жақсы біледі және кәсіби футболшылар.</span>