«Лестер» қожайынының тікұшағы стадионның жанына құлады
Ағылшындық «Лестер» футбол клубы стадионының жанына клуб иесі Вичай Шриваддханапрабхидің жекеменшігіндегі тікұшақ құлады, деп хабарлайды BBC News.
Тікұшақ премьер-лигадағы «Лестер» мен «Вест Хэм» матчы біткеннен кейін құлаған. Ішінде клуб басшысыңын болған-болмағаны белгісіз. Skysport журналисінің мәлімдеуінше, тікұшақ стадион ортасынан көтеріліп ұшқан. Бұл әр матч алдында қайталанады. Ұшып шыққан хеликоптер стадионнан жүздеген метр жердегі автотұраққа құлады.
Куәгерлердің айтуынша, техниканың артқы винті істен шығып, орнында айнала берген. Ұшқыштың тікұшаққа ие бола алмай қалғаны туралы айтылып жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или