Қазақстан УЕФА рейтингісінде 25-ші орынды сақтап қалды
Еурокубоктық апта өткеннен кейін УЕФА өз рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан 25-ші орынды сақтап қалды. Ізіннен қуып келе жатқан Израилден біршама озып кетіп, Польшаға жақындады. Чемпиондар лигасында екі команда қатыстыруға мүмкіндік алу үшін үздік 15 елдің қатарында болу керек.
Қазақстандық клубтардың арасында «Астана» 52-54 орындарды кипрлік АПОЭЛ және «Янг Бойзпен» бөлісіп тұр. Сонымен қатар, астаналықтар «Интер», «Милан», «Валенсия», «РБ Лейпциг», «Галатасарай» секілді алып клубтарды артқа тастады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или