"Астана" УЕФА клубтар рейтингінде 53-ші орында

"Астана" УЕФА клубтар рейтингінде 53-ші орында

«Астана» футбол командасы чехиялық "Яблонцемен" тең түскеннен кейін УЕФА клубтар рейтингінде алты сатыға жоғарылады.  Елордалық ұжым 59-шы орыннан 53-ші орынға көтерілді.

Қазір қазақстандық команданың қоржынында 25,500 ұпай бар.  Бұл нәтижесімен астаналық ұжым
«Интернационале» (Милан, Италия), «Фейеноорд» (Роттердам, Нидерланды), «Галатасарай» (Стамбул, Турция), «Эвертон» (Ливерпуль, Англия), «Милан» (Италия), «Спартак» (Мәскеу, Ресей) сияқты танымал командалардан жоғары тұр.

Рейтинг көшінде «Реал» (135,000) тұр, «Барселона» (118,000) екінші сатыда,  үздік үштікті мюнхендік «Бавария» (117,000) түйіндеп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или