Петр Рада: Допқа көп иелік еттік
- Өте қиын ойын болды. Қарсылас команда өткен екі кездесуде көрсеткен деңгейінен түскен жоқ. Біз ойынды барынша жақсы бастауға тырыстық. Бүгін екі команда сапында да есепті еселеп, жеңісті жұлып кететін мүмкіндік болды. Біз допты көбірек бақылауда ұстадық. Біз кездесудің 65-70 минуттарына дейін жақсы ойын көрсеттік. Артынша, астаналықтар гол соғатын бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырып кетті. Ол сәттерде қорғаушылар өте жақсы ойын көрсетті. Біз Еуропа Лигасы топтық кезеңіндегі үшінші ойынымызды өткіздік. Жеңіске жеткіміз-ақ келді, алайда, ол қолымыздан келген жоқ. Дегенмен, алаңда барын салған футболшыларыма алғыс айтқым келеді.
- «Яблонец» топтық кезеңдегі қарсыластарының барлығымен ойын өткізіп үлгерді. Осы топтан қай команданы ерекше атап өтер едіңіз?
- «Динамоға» қарсы кездесуде бірінші таймда жіберген қателіктердің кесірінен екі жылдам гол жіберіп алдық. Ал «Ренн» командасының ойын жүйесі өте қиын. Бұл команда кез-келген қарсыласқа қолайсыз. Жалпы алғанда, «Динамо» мен «Астананың» ойын стильдері өте ұқсас. «Астана» қатарына өте тәжірибелі, әрі деңгейі жоғары ойыншыларды жинақтаған мықты ұжым. Біз бұл турнирге алғаш рет қатысып жатқандығымызды ескеретін болсақ, бүгінгі нәтижеміз жаман емес.
- Бүгін «Яблонец» алғашқы минуттан-ақ бірінші нөмірмен ойнауға тырысты. Астанадағы төртінші турдың ойынында да осындай футбол көрсетесіздер ме?
- Журналистер «Астана Арена» стадионының атмосферасын француздық «Веладроммен» салыстырады. Дегенмен, біз Қазақстанда барынша сапалы ойын көрсетуге тырысамыз. Біз бүгін қарсылас команданың деңгейін көре алдық. Сондықтан, Астанаға ұпай үшін барамыз.
- Сіз топтағы қарсыластарыңыз туралы айтып өттіңіз. Осы үш клубтың қайсысы сізді таң қалдыра алды?
- «Астана» бойшаң шабуылшыларына иек артып, жоғарымен ойнауға тырысты. Барлық командаларды комбинациялық футбол ойнап, допты бақылауға тырысатындығы біріктіреді. Бір команаданы ерекше атау қиын. Барлығы өзінше мықты.