«Астананың» жастары Албания чемпионын жеңіп, келесі кезеңге өтті
Жасөспірімдер арасында UEFA чемпиондар лигасы аясында «Астана U-19» командасы Албания чемпионы «Влазния» командасының жастарымен кездесті, деп жазады prosports.kz.
Астанада өткен алғашқы ойында 3:1 есебімен жеңген елордалық жас футболшылар бүгін Албания жерінде қарымта матч өткізді.
Василий Маруняк шәкірттері сырт алаңда да қарсыластарын оңай ұтты. Сұлтан Сағнаевтің хет-тиргі мен Жантөре Жұмәділовтің голы қонақтардың жеңісін қамтамасыз етті. Қазақстандықтардың төрт голына алаң иелері еш жауап қата алмады.
Осылайша, қос ойынның қорытындысында албаниялық құрдастарын 7:1 есебімен жеңген «Астана U19» турнирдің келесі кезеңіне өтті. Енді Хорватияның «Динамо» (Загреб) командасымен кездеседі. Ол ойындар қараша айында өтеді.
«Влазния» U-19 - «Астана» U-19 0:4 (0:1).
Гол соққандар: Жұмәділов (37), Сағнаев (61, 78, 89).
«Астана U19»: Владислав Саенко (Қ), Әлім Ілиясов, Жантөре Жұмәділов, Самат Мажит, Дәурен Искаков, Сұлтан Сағнаев, Жасұлан Қайыркенов, Владислав Прокопенко, Лев Скворцов, Мәди Жақыпбаев, Рамазан Каримов (К).

Астанада өткен алғашқы кездесудің нәтижесі:

«Астана» U-19 - «Влазния» U-19 3:1 (2:0).
Гол соққандар: Прокопенко (2), Прокопенко (10), Жақыпбаев(53) - Кардаку (90).