Бартомеу: Неймар қайтып келмейді
«Барселона» футбол клубының президенті Жозеп Бартомеу француздық «ПСЖ»-ның бразилиялық шабуылшысы Неймардың каталондықтардың сапына қайта оралуын жоққа шығарды.
«Неймар өз қалауымен кетті. Біз оны ұстаған да, қуған да жоқпыз. Және ол бізге қайтып келмейді. Себебі оралғысы келетін жағдайда да, оны қайтару — біздің жоспарымызда жоқ», — деп мәлімдеді «Барселона» клубының басшысы.
Естеріңізге сала кетейік соңғы уақыттарда бұқаралық ақпарат құралдарында Неймардың Франциядан кететіні жайында неше түрлі жаңалықтар жарыса жазылған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или