Томасов - «Ордабасыға» қарсы кездесудің үздігі

Томасов - «Ордабасыға» қарсы кездесудің үздігі

«Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер «Ордабасыға» қарсы кездесудің үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады.

Сауалнама қорытындысы бойынша аталмыш кездесуде астаналықтардың жалғыз голын соққан Марин Томасов үздік атанды.

Екінші орында Александр Мокин. Тәжірибелі қақпашы «Ордабасы» ойыншыларының қақпасына бағыттаған бес соққысының төртеуін қайтарған.

Үздік үштікті Абзал Бейсебеков қорытындылады. Қазақстан Ұлттық құрамасының қорғаушысы бұл кездесуде өзіне үйреншікті емес қорғаныстың сол қапталында ойнаған еді. Оған қоса, Абзал команданы алаңға капитандық белгімен бастап шығып, қорғаныс пен шабуылда сәтті ойын өрнегін көрсете білді.

Үздік бестік:
1.Марин Томасов 50,09%
2.Александр Мокин 15,8%
3.Абзал Бейсебеков 5,95%
4.Роман Муртазаев 5,85%
5.Педро Энрике 5,64%
Сауалнамаға 2855 адам қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или