«Яблонец» — «Астана» матчына австриялық төрешілер тобы төрелік етеді
Еуропа лигасы топтық кезеңінің үшінші туры аясында өтетін «Яблонец» (Чехия) - «Астана» кездесуіне Роберт Шоргенхофер бастаған төрешілер тобы төрелік етеді, деп хабарлайды prosports.kz.
Австриялық төреші қазақ жанкүйерлеріне бейтаныс емес. Дәл осы маман 2<span>018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Черногория — Қазақстан (5:0) матчында қызмет атқарған. </span>
Робертке қос қапталдан отандастары Маркус Гутши мен Роланд Ридель көмектеседі. Ал қосалқы төреші Маркус Хаметер мен Рене Эйснер.
Естеріңізге сала кетейік, «Яблонец» - «Астана» ойыны 26 қазан күні Астана уақыты сағат 01:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или