«БИІК-Қазығұрт» Қазақстан чемпионатының жеңімпазы
Футболдан әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының кезекті маусымы аяқталды.<br />Чемпионат қорытындысы бойынша шымкенттік «БИІК-Қазығұрт» командасы жеңімпаз атанды. Екінші орында көкшетаулық «Оқжетпес». Үшінші орыннан шымкенттік ДЮСШ №7 командасы көрінді. 20 қазан күні жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
Чемпионат қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталды:
Үздік қақпашы - Оксана Железняк («БИІК-Қазығұрт»)
Үздік қорғаушы - Бибігүл Нұрышева («Оқжетпес»)
Үздік жартылай қорғаушы - Камила Құлмағамбетова («БИІК-Қазығұрт»)
Үздік шабуылшы - Ольга Осипян («Оқжетпес»)
Үздік сұрмерген - Гүлнара Габелия («БИІК-Қазығұрт»)
Үздік ойыншы - Гүлнара Габелия («БИІК-Қазығұрт»).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или