«Астана U19» УЕФА Жасөспірімдер Лигасындағы кездесуін өткізу үшін Албанияға келді
«Астана U19» құрамы УЕФА Жасөспірімдер Лигасы аясындағы «Влазнияға» қарсы жауапты ойынға Албанияға келді.
Албанияның Шкодер қаласында өтетін қарымта ойынға команда төмендегі құраммен аттанды: қақпашылар: Владислав Саенко, Станислав Курян, қорғаушылар: Самат Мажит, Әлім Ілиясов, Искаков Дәурен, Дүйсембаев Әділжан, Жұмәділов Жантөре, Артем Цой, жартылай қорғаушылар: Сұлтан Сағнаев, Руслан Маxан, Қайыркенов Жасұлан, Дияр Жүгініс, Әбенов Ілияс, Жақыпбаев Мади, шабуылшылар: Владислав Прокопенко, Рамазан Каримов, Станислав Басманов, Скворцов Лев.
Айта кетейік, «Влазния U19» - «Астана U19» арасындағы кездесу 24-ші қазан күні Астана уақытымен 21:00-ге жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, алғашқы кездесу елорда жастарының пайдасына 3:1 есебімен аяқталған болатын.