Кахабер Цхададзе: Кез-келген командаға «Астанадан» ұпай алу оңай емес

Кахабер Цхададзе: Кез-келген командаға «Астанадан» ұпай алу оңай емес

«Астана» - «Ордабасы» (1:1) арасындағы ойын аяқталғаннан кейін шымкенттік команда бас бапкері Кахабер Цхададзенің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

- Сырт алаңда «Астанаға» қарсы ойнау ешқашан оңай болған емес. Біз бүгін тартысты ойын көрсете алдық деген ойдамын. Жігіттер алаңда барын салып, қорғаныс шебінде тиянақты ойын өрнегін көрсеткенімен, жылдам қарымта шабуылға шығу тұрғысында осалдық танытты. Бізге осы тұрғыда әлі де еңбектену қажет. Кез келген командаға сырт алаңда Астанадан ұпай алу оңай емес. Сондықттан да жігіттерге өз атымнан алғыс білдіргім келеді. Чемпионатты төртінші орында аяқтау үшін бізге соңғы үй ойында жақсылап жұмыс жасау керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или