Григорий Бабаян: Бізде гол соғатындай мүмкіндіктер көп болды

Григорий Бабаян: Бізде гол соғатындай мүмкіндіктер көп болды

«Астана» - «Ордабасы» (1:1) арасындағы ойын аяқталғаннан кейінелорда командасы бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы Григорий Бабаянның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

— Біз матч алдынан құрамға байланысты қиындыққа кезіктік, төрт ойыншымыз құрамалары сапындағы ойыннан кейін жарақатпен келді. Дегенмен, толық құрамда тек екі-ақ жаттығу өткізсек те, бүгін жақсы ойын өткіздік. Біздің гол соғатын мүмкіндіктеріміз көп болды, тек шабуылдарды аяқтау жағы әлсіздеу болды. Біз жіберіп алған гол жай ғана бір сәтсіздік. Қақпашыға ешқандай кінәрат жоқ, футболда мұндай жағдай кездесіп отырады. «Ордабасы» да бүгін жақсы күресті, олар өз қақпасын жақсы қорғады. Шымкенттік футболшылар барын салып ойнап, осы нәтижеге қол жеткізді. Біз қарсыласты қатты қысымға ала алмадық, өйткені голға айналдыруымыз тиіс мүмкіндіктерді пайдалана алмадық. Қорқатындай ештеңе де болған жоқ, қайғырып отыра беруге уақыт та жоқ. Алда бізді «Яблонецке» қарсы Еуропа лигасының ойыны күтіп тұр. Ертеңнен бастап сол ойынға дайындықты бастаймыз.

— Жарақат алған ойыншылардың Чехиядағы ойынға қатысу мүмкіндігі қандай?

— Щеткин мен Логвиненконың ойнамайтыны анық, Шомко мен Зайнутдиновтің жайы белгісіз. Біз қосымша тексерудің нәтижелерін күтіп жатырмыз, олар Еуропа лигасында ойнай ма, жоқ па — ертең белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или