«Реал» 30 жылдан соң антирекордын жаңартты
Испания чемпионатының 9-шы турында мадридтік «Реал» өз алаңында «Леванте» командасын қабылдады.

Тек екінші таймның орта тұсында гол соққан корольдік команда анирекордын жаңартты. «Реал» барлық турнирде 465 минут бойы гол соға алмаған. Соңғы Хулен Лопетегидің командасы Испания чемпионатының 5-ші туры аясында өткен «Эспаньолға» қарсы өткен кездесудің 41-ші минутында соққан еді. Одан кейін мадридтік команда «Севилья» (0:3), «Атлетико» (0:0), ЦСКА (0:1) және «Алавеске» (0:1) қарсы ойындарда қарсылас қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Осылайша корольдік клуб тарихындағы антирекордты жаңартты. Бұған дейін голсыз рекорд 1985 жылы орнатылған. Ол 464 минутты құраған болатын.

Ал бүгін өткен кездесуде «Реал» «Левантеге» 2:1 есебімен жол берді.