«Реалдың» тізгініне Антоние Конте келуі мүмкін
Мадридтік «Реал» клубы «Челси» мен «Ювентус» командаларының бұрынғы бапкері Антоние Контеге қызығушылық танытып отыр.
<span>Football Italia ақпаратынша, Испания чемпионатында соңғы үш ойында қатарынан жеңіске жете алмай келе жатқан мадридтік клубтың басшылығы жаттықтырушыны ауыстыруды жоспарлап отыр. </span>
<span>Сегіз турдан соң «Реал» клубы турнирлік кестеде 4-ші орында тұр. </span>
<span>Айта кетейік, 52 жастағы бапкер Хулен Лопетеги «Реалдың» тізгінін 15-шу маусым күні ұстаған болатын.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или