Футбол тарихындағы ең күлкілі қызыл қағаз

Футбол тарихындағы ең күлкілі қызыл қағаз

Колумбия чемпионаты аясында өткен «Атлетико Насьональ» мен «Депортиво Кали» командалары арасындағы кездесуде күтпеген жағдай орын алды, деп жазады<span> prosports.kz.</span>

<span>Ел чемпионатының 14-ші турында «Атлетико Насьональ» ойыншылары өз жанкүйерлерінің алдында ұятқа қалды. Матчтың 88-ші минутында пенальти тебу мүмкіндігіне ие болған алаң иелері 11 метрлікті кім тебетінін шеше алмай жаға жыртысты. </span>

<span>Пенальти белгіленген бетте жартылай қорғаушы Джейсон Лукуми допты қолына алған. Алайда, орта жолдан киіп кеткен шабуылшы Дайро Морено командаласының ашуына тиді. Мореноның қолындағы допты тартып әкеткеніне ашуланған Лукуми командаласын қолымен ұрып, басымен қағып жіберді. Есесіне, төреші оған қызыл қағаз көрсетіп алаңнан қуып шықты.</span>

<span>Егер Дайро Морено пенальтиді соғып, команда үш ұпай олжалағанда бұл дау осымен аяқтауы да мүмкін еді. Алайда, командаласына қызыл қағаз алғызып жүріп тартып алған 11 метрлікті Морено сәтсіз орындады. Сөйтіп, ойын 0:0 есебімен аяқталды. Өз кінәсінің ауыр екенін сезген шабуылшы матч аяқтала сала киім ауыстыратын бөлмеге қаша жөнелді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или