Қазақстан ұлттық құрамасы Андорраны ойсырата жеңді

Қазақстан ұлттық құрамасы Андорраны ойсырата жеңді

Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы UEFA Ұлттар Лигасы аясында Андорра футболшыларымен кездесті. 

«Астана Аренада» өткен ойынның алғашқы таймында Еркебұлан Сейдахмет (21-минут) және Бауыржан Тұрысбек (39-минут) гол соқты.

Артынша, 61-минутта Бауыржан Исламхан қапталдан пас асырған, Андорра қақпашысы допты өз иелігіне өткізіп алды. Ал ойын нүктесін Роман Мұртазаев қойды. Бұл матчтың 74-минуты болатын.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Андорраны 4:0 есебімен ойсырата жеңді. 

Осы матчтан кейін Қазақстан құрамасы өз тобында 5 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Көш басындағы Грузияда 9 ұпай бар. Латвия мен Андорраның еншілерінде екі ұпайдан бар.

Қазақстан - Андорра 4:0 (2:0)

Голдар: Сейдахмет 21, Тұрысбек 39, Жозеп Гомес 61 (аг), Мұртазаев 74

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или