Боранбаев Аршавинді кім алмастыра алатынын айтты

Боранбаев Аршавинді кім алмастыра алатынын айтты

Алматылық «Қайрат» ФК Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев команданың ардагер ойыншысы Андрей Аршавинді кім алмастыра алатынын айтты.

«Аршавин мансабын Қазақстанда аяқтайтыны жақсы. Қазір ол туралы ағылшын, Ресей басылымдары жиі жазып тұрады. Біз сол арқылы бір оқпен екі қоянды атып алдық – жақсы футболшы алдық және жақсы маркетинг жасадық. Оны кім алмастыра алады? Исламхан. Сондай-ақ, Жуков бар. Басқа да қазақстандық лайықты футболшылар бар», - деді Боранбаев бүгін баспасөз-мәслихатында.

Боранбаев Аршавин командада қалғысы келсе, онымен келіссөз жүргізуге дайын екенін айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или