«Қайратты» енді неміс бапкері жаттықтырады
Алматылық «Қайратты» маусым соңына дейін Андрей Карпович жаттықтырады.
Бүгін алматылық клубтың басшысы Қайрат Боранбаев баспасөз-мәслихатын өткізіп, команданың бас бапкері Карлос Алоспен келісімшарт бұзылғанын айтты.
Боранбаевтың айтуынша, испаниялық маман «Қайраттың» алдына қойылған екі мақсатты да орындай алмаған – ел чемпионы атану және Еуропа лигасының топтық кезеңіне түсу.
Карлос Алос «Қайраттың» тізгінін былтыр жазда ұстап, осы уақытқа дейін тек Қазақстан кубогын ғана ұтып алған болатын.
Енді осы маусымның соңына дейін бас бапкердің қызметін Андрей Карпович орындайды.
Ал келесі жылдан бастап «Қайраттың» тізгінін германиялық бапкер ұстамақ. Боранбаев жаңа бапкердің есімі құпия екенін айтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или