Күрес

«Алтынның ауылы алыс емес». Әлем чемпионатынан не күтеміз?

«Алтынның ауылы алыс емес». Әлем чемпионатынан не күтеміз?
news-banner7
mobile-news-top

2019 жылы Астанада күрес түрлерінен әлем біріншілігі өтеді. Бұл туралы Бүкіләлемдік күрес ұйымы (United World Wrestling - грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресінің халықаралық федерациясы) мәлімдеген болатын.

Қазақстан үшін бұл айтулы шара болмақ. Өйткені бұған дейін еліміз мұндай деңгейдегі жарысты өткізбеген. Тек Азия чемпионаты, әлем Кубогы, 2012 және 2016 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлерін өткізумен шектелген болатын.

2019 жылғы әлем чемпионатын өткізуге Астанадан бөлек Түркияның Ыстамбұл қаласын үмітті еді. Алайда соңғы сәтте Ыстамбұл айтулы шараны өткізуден бас тартқан.

Алдымен бұл жарыстың тарихына кішігірім шолу жасап өтелік. грек-рим күресіненжаһан үздіктерінің басын қосқан алғашқы жарыс сонау 1904 жылы өткен екен. Еркін күрестен тұңғыш әлем біріншілігі, сәл кейін, нақтырақ айтқанда 1951 жылы болған. Ал соңғы 14 жылда әлем чемпионаты бірден күрестің үш түрін қосып алды. Атап айтқанда ерлер арасындағы грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресі.

ТМД елдері арасынан аталмыш доданы Ресей, Әзірбайжан мен Өзбекстан өткізген. Ал Қазақстан төртінші болып әлем чемпионатын қабылдағалы отыр.

Астана әлем біріншілігін 14-22 қыркүйек аралығында өткізеді. Бұл әлем чемпионатының ерекшелігі, оның қатысушылары Олимпиада жолдамасын ұтып ала алады. Ол үшін балуандар олимпиадалық салмақтарда 1-6 орын алу қажет. Әлем біріншілігі 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама сарапқа салынатын алғашқы іріктеу турнирі болмақ.

Әлем чемпионаты

Еркін күрес

Грек-рим күресі

Әйелдер күресі

2005 жыл

Қола

Қола

2006 жыл

2007 жыл

Күміс, 2 қола

2008 жыл

Күміс

2009 жыл

Қола

Қола

Қола

2010 жыл

Қола

2 қола

Күміс

2011 жыл

2 қола

Күміс, қола

Қола

2012 жыл

Күміс

2013 жыл

Қола

Қола

2014 жыл

2015 жыл

2 Қола

2016 жыл

Күміс

Қола

2017 жыл

Қола

2 күміс

Қазақстандық балуандар үшін әлем чемпионаты ерекше болмақ. Өйткені өз жерінде өткен турнирде әрбір спортшының жеңіске жеткісі келеді. Оған қоса жанкүйерлердің қолдауын барлық балуандарымыз сезінері анық. 1999 жылғы әлем чемпионатынан бері қазақстандық балуандар бірде-бір алтын жүлдеге қол жеткізбеген екен. Сондай-ақ, осындай дүбірлі доданы көрген келер ұрпақтың күреске деген қызығушылығы артады. Әлем чемпионаты Қазақстандағы күрес спортының дамуына қосымша күш беретіні анық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер