Рейналдо «Ақтөбе» командасынан кеткісі келетінін мәлімдеді

Рейналдо «Ақтөбе» командасынан кеткісі келетінін мәлімдеді

«Ақтөбе» командасының бразилиялық шабуылшысы Рейналдо әзірбайжандық Xezer TV-ға сұқбат беріп, Қазақстаннан кеткісі келетінін айтты, деп жазады prosports.kz.

Футболшының айтуынша, ол өзін «Ақтөбе» сапында жайсыз сезінеді екен. Әрі бұрынғы командасы «Карабахқа» қайта оралуды жоспарлап жүрген көрінеді.

- «Ақтөбе» басшылығы мені алып қалғысы келеді. Маған жаңа келісімшарт та ұсынды. Алайда, мен үшін ол жақ «Карабах» командасындағыдай ыңғайлы емес. Сәтін салса «Карабахқа» қайта оралғым келеді. Себебі «Карабах» - менің үйім. Үйімнен кеткеніме өкінемін, - дейді футболшы.

Рейналдо биыл Қазақстан Премьер-Лигасында 26 матчқа қатысып, 6 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или