Мұхамед Салах бұрыштамадан гол соқты

Мұхамед Салах бұрыштамадан гол соқты

«Ливерпуль» командасында доп тебетін египеттік шабуылшы Мұхамед Салах өзінің ұлттық құрамасы сапында керемет көркем гол соқты, деп жазады prosports.kz. 

<span>Африка ұлттар кубогының іріктеу кезеңінде Египет пен Свазиленд құрамалары кездескен болатын. Ойынның 45-ші минутында Египет құрамасы бұрыштама орындау мүмкіндігіне ие болды. Бұрыштама нүктесіне барған Салахтың айып алаңындағы әріптестеріне асырған пасы қақпа торынан бірақ табылды. </span>

<span></span>

<span>Осының алдында FIFA тағайындаған «Жылдың үздік голы» жүлдесін Мұхамед Салах алғанда көп жанкүйер наразы болған. Салах қатардағы қарапайым голмен аталған жүлдені әділетсіз алды деп есептеген еді. Ал енді атақты шабуылшы өзінің жыл үздігіне лайық гол соға алатынын дәлелдеп отыр.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или