Жанкүйерлер Томасовты қыркүйек айының үздігі деп таныды
«Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер қыркүйек айының үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың ресми парақшасына сілтеме жасап.
Сауалнама қорытындысы бойынша Марин Томасов үздік атанды. Хорватиялық жартылай қорғаушы осы айда «Жетісу» қақпасына дубль жасаған болатын.
Екінші орында елорда командасының қақпашысы Ненад Эрич. Астаналықтардың капитаны өзінің сенімді ойынымен ерекшеленіп, бір кездесуде қақпасын «құрғақ» сақтап қалған еді.
Үздік үштікті Бактиер Зайнутдинов қорытындылады. Жас ойыншы қыркүйек айында өзіне үйреншікті емес сол жақ қапталдағы қорғаушының міндетін атқарғандығына қарамастан, ҚКФЛ нұсқасы бойынша екі мәрте турдың таңдаулы құрамына енген болатын.
Үздік бестік:
1.Марин Томасов 43,71%
2.Ненад Эрич 16,79%
3.Бактиер Зайнутдинов 14,59%
4.Педро Энрике 9,9%
5.Дмитрий Шомко 4,46%
Дауыс беруге 3 585 адам қатысты.