Александр Кокорин 8 желтоқсанға дейін қамауда отырады
«Зениттің» форварды Александр Кокорин 2 айға қамалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Eurosport порталына сілтеме жасап.
Сот Кококрин бостандықта жүрсе, жәбірленушіге қысым көрсетуі мүмкін екендігін алға тарта отырып футболшыны ағымдағы жылдың 8 желтоқсанына дейін қамауға алды.
Естеріңізге сала кетейік, Александр Кокорин мен Павел Мамаева Мәскеудің қақ ортасында егде жастағы көлік жүргізушісін соққының астына алды. Ал артынша «Зенит» пен «Краснодар» ойыншылары мейрамханада төбелес шығарған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или