Саят Жұмағали голы – Премьер-лиганың 29-шы турының үздігі

Саят Жұмағали голы – Премьер-лиганың 29-шы турының үздігі
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтында Премьер-лиганың жиырма тоғызыншы турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама нәтижесі жарияланды, деп жазады prosports.kz.
 
Өткен турда 14 гол соғылды. Оның екеуі пенальтиден, ал біреуі - автогол. Сауалнама Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты мен «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі  @pflkaz парақшасында өтті. 
 
«Ақтөбе» қорғаушысы Саят Жұмағали соққан голы турдың үздігі атанды. Оның голы 1387 дауыс жинады. 
 
Үздік үштік келесідей:
1. Саят Жұмағали голы (Ақтөбе – Астана) – 1387 дауыс;
2. Абдель Ламанж голы (Қайсар - Атырау) – 229 дауыс;
3. Тимур Досмағамбетов голы (Ордабасы - Қайрат) – 222 дауыс.
 
Саят Жұмағали қазан айының үздік голы сауалнамасына қатысады.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или