«Уфа» Еркебұлан Сейдахметті сатпайды
Ресейлік «Уфа» футбол клубы Қазақстан құрамасының ойыншысы Еркебұлан Сейдахметті сатуды жоспарлап отырған жоқ, деп жазады Proposrts.kz.
Қазақстанның алпауыттары «Астана» мен «Қайрат» жас шабуылшыны өз қатарынан көргісі келгенімен, Еркебұлан мен оның агенті ҚПЛ-ға қайта оралуды ойлап жүрген жоқ. Десе де, футболшы қазақстандық клубтардың бірінде жалда ойнауы мүмкін. Оның өзінде «Уфа» ФНЛ-ге ұшып кеткенде ғана.
Бұдан бөлек жас шабуылшыны ресейлік бірнеше клуб та жалға алғысы келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или