Томасов «Астана» сапындағы нәтижелі ойыншылар тізімінде Бугаевты басып озды
Марин Томасов «Ақтөбеге» қарсы кездесуде нәтижелі пас беріп, гол+пас жүйесі бойынша өз нәтижесін 38 ұпайға жеткізді (17 гол және 21 нәтижелі пас), деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Ол осы нәтижесі арқылы Игорь Бугаевты қуып жетіп, «Астана» сапындағы нәтижелі ойыншылар тізімінде 7-ші орынға көтерілді.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Ал қазіргі уақыттағы көшбасшылар Патрик Твумаси (68+27), Фокси Кетевоама (34+51) және Таңат Нөсербаев (54+25). </span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Ал үздік ондықта «Астананың» қазіргі құрамынан Томасовтан бөлек, Жуниор Кабананга (38+10), Дмитрий Шомко (11+36) және Серікжан Мужиков (16+25) бар.</span>