Эйсебио қайтыс болды

Әлемдік футбол тарихында ізі қалған португалдық футболшы Эйсебио да Силва Феррейра өмірден озды.

Шетелдік басылымдардың мәлімдеуінше, әйгілі ойыншы 71 жасында көз жұмған.

Эйсебио 1968, 1973 жылдардағы «алтын бутса» иегері, 1965 жылы Еуропаның үздік футболшысы атанған. 1966 жылы өткен әлем біріншілігінің үздік бомбардирі.

Футбол тарихы мен статистикасын зерттейтін халықаралық Федерацияның рейтингісінде ол 20 ғасырдағы Еуропаның үздік 10 шабуылшылары қатарында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или