«Астана» сапынан 16 ойыншы өз ұлттық құрамаларына шақырту алды
ФИФА ресми терезесі аясында барлық командалар ресми кездесулер өткізеді.
<span style="font-style: inherit;">Еуропалық командалар УЕФА Ұлттар Лигасында ойнайды. Қазақстан ұлттық құрамасының аталмыш турнир аясындағы ойындарына «Астана» сапынан 10 футболшы шақырту алды: қақпашы Ненад Эрич, қорғаушылар Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков, Сергей Малый, Евгений Постников, жартылай қорғаушылар: Серікжан Мужиков, Роман Муртазаев, Бактиер Зайнутдинов және шабуылшы Алексей Щеткин. </span>
<span style="font-style: inherit;">Бұл ойыншылардан бөлек, елорда командасы сапынан Ричар Алмейда (Әзірбайжан құрамасына), Иван Маевский (Беларусь), Антонио Рукавина (Сербия), Ласло Кляйнхайслер (Венгрия), Джуниор Кабананга (Конго ДР), Рангело Янга (Кюрассао) өз құрамаларына шақырту алды. </span>
<span style="font-style: inherit;">Ал қалған ойыншылар қысқа мерзімді демалысқа шығып, артынша Қазақстан чемпионатының соңғы ойындарына және Еуропа Лигасы аясындағы кездесулерге дайындықтарын пысықтайтын болады.</span>