Ненад Эрич: «Ақтөбені» жеңгеннен кейін чемпиондыққа мүмкіндігіміз жоғарылай түсті

Ненад Эрич: «Ақтөбені» жеңгеннен кейін чемпиондыққа мүмкіндігіміз жоғарылай түсті

«Астана» сырт алаңда «Ақтөбеге» қарсы ойнап, тартысқа толы кездесуде 2:1 есебімен жеңіске жетті. 

Ойын соңында елорда командасының капитаны Ненад Эрич матч туралы өз пікірімен бөлісті: 

- Ойын барысында біздің аздап шаршау көрінгендігіміз байқалды. Дегенмен, маңызды жеңіске қол жеткізе алдық. «Ақтөбе» өте жақсы ойын көрсетті. Алайда, қайталап айтайын, біз алдымызға қойған мақсатымызға жетіп, жеңіске жеттік. 

- «Қайрат» осы турда ұпай жоғалтты. Бұл жағдай «Ақтөбеге» қарсы кездесу алдында қосымша мотивация болды ма? 

- Әрине, бұл кездесуде жеңіске жетер болсақ, чемпиондыққа тағы да бір қадам жақындайтындығымызды өте жақсы түсіндік. Біз қазіргі уақытта екінші орында келе жатқан командадан 10 ұпайға алда тұрмыз. Дегенмен, чемпиондыққа талас әлі де жалғасуда. Біздің бүгінгі ойындағы жеңісімізден кейін, чемпиондыққа мүмкіндігіміз жоғарылай түсті. 

- Алда Қазақстан құрамасы сапындағы кездесулер. Қандай нәтиже күтесіз? 

- Біздің өткен ойындардағы сәтсіздіктерден кейін ынжырғамыздың түскені анық. Дегенмен, тез арада ес жинап, ілгері жылжуға тиіспіз. Біздің жағдайды өзгертуіміз үшін алда екі ойынымыз бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или