Екінші лиганың қыркүйек айындағы үздік ойыншысы мен бас бапкері таңдалды

Екінші лиганың қыркүйек айындағы үздік ойыншысы мен бас бапкері таңдалды
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтында (ҚКФЛ) қыркүйек айының қорытындысы бойынша Екінші лиганың ең үздік ойыншысы мен жаттықтырушысы анықталды, деп жазады prosports.kz.
 
Сауалнама Екінші-лига командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
 
Сауалнама нәтижелері келесідей:
23 ұпай жинаған «Астана Ж» ойыншысы <span>Рамазан Каримов Екінші</span>-лиганың қыркүйек айындағы үздік ойыншысы атанды. 
 
Қыркүйек айының үздік бас бапкері атағын «Астана Ж» жаттықтырушысы <span>Василий Маруняк</span> иеленді. Оның үміткерлігін дауыс берушілердің арасында алты бапкер қолдады.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или