«Қайсар» Түркияға аттанады

«Қайсар» футбол клубы ертең Түркияға екінші оқу-жаттығу жиынын өткізуге аттанады, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Молдақараев, Нарзилдаев, Алтынбеков, Прядкин, Даутов, Шестаков, Байер мен Марушко жақын арада қызылордалық командамен келісімшартқа отыруы мүмкін.

Бұдан басқа екінші ОЖЖ-на мына ойыншылар аттанады: Сағындықов, Алтаев, Кушеков пен Узденов. Белгілі болғандай Алайдаров, Әлиев, Азовский, Исмаилов пен Морец командадан кетті. Семлердің тағдыры әлі белгіссіз, ойыншы қазіргі таңда жарақаттан емделіп жатыр.

Айта кетер жайт, бұның алдында Руслан Балтиев «Қайсардың» спорттық директоры болып тағайындалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или