Бактиер Зайнутдинов: Бізді қолдаған жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын
«Астана» УЕФА Еуропа Лигасы топтық кезеңі аясында «Ренн» командасын өз алаңында қабылдап, 2:0 есебімен жеңді.
Осы кездесудегі елорда командасының алғашқы голының авторы Бактиер Зайнутдинов кездесу соңында жанкүйерлерге өз алғысын білдіріп, матч туралы өз пікірімен бөлісті.
- Бірінші кезекте бізге қолдау көрсетіп, керемет футбол атмосферасын ұйымдастырған жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын. Стадион көрерменге лық толы болған кезде ойнаудың өзі бір ғанибет.
- Гол соққан сәтіңе тоқтала кетсең?
- Марин Томасов бұрыштамадан тамаша пас асырды. Мен өз кезегімде ол мүмкіндікті лайықты пайдаланып кеттім.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или