Саян Хамитжанов: «Реннға» қарсы ойындағы жетістік – бүкіл Қазақстан футболының жеңісі

Саян Хамитжанов: «Реннға» қарсы ойындағы жетістік – бүкіл Қазақстан футболының жеңісі

«Астана» президенті Саян Хамитжанов УЕФА Еуропа лигасы топтық кезеңі аясындағы Франциялық «Реннға» қарсы кездесуді қорытындылап, клубтың баспасөз қызметіне ойын туралы өз пікірімен бөлісті:

— Ең алдымен клуб атынан «Астана» жанкүйерлерін және бүкіл қазақстандық фанаттарды тамаша жеңіспен құттықтаймын! Ойын қандай қиын болғанын көрдіңіздер — француз командалары күшті тактикалық дағдыларымен ерекшеленеді, олардың ойыншылары функционалдық жағынан жақсы дайындыққа ие әрі жылдам ойнайды. Бірақ біздің жігіттер бағын шабуыл шебінен іздеп, дегеніне жетті. Ойын соңында барлығы да басқаша болуы мүмкін еді, бірақ біздің команда төзіп, басымдықты арттыра алды. «Астана» ойыншылары ойынның басынан аяғына дейін аянбай күресті, біздің жігіттер кішігірім ерлік көрсетті десек те артық болмас.

Бүгін стадионға келіп, «Астананы» қолдаған жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамыз. Бұл жеңісте жанкүйерлердің де өзіндік үлесі бар. Электронды сатылым жүйесінің мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі матчтың билеттеріне Қазақстанның түкпір-түкпірінен тапсырыс түскен, яғни команданы бүкіл ел қолдады. Бұдан тыс, «Астана» - «Ренн» матчы 34 телеарна арқылы күллі әлемге тікерей эфирде көрсетілді. Сондықтан біздің клубтың бүгінгі жетістігі Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы спорттық беделін мейлінше арттыра түседі деп қуануға болады!

— «Астана» еурокубоктерде Еуропаның үздік бес чемпионатының бірінде өнер көрсететін команданы алғаш рет жеңді...

— Біздің жеңісіміз осымен де маңызды! Франция — даңқты дәстүрге бай футбол елі. Бұл мемлекеттің ұлттық құрамасы — қазіргі Әлем чемпионы, ал француз командаларында көптеген дарынды, жас футболшылар ойнайды. «Реннға» қарсы ойындағы 3 ұпай — бүкіл Қазақстан футболының жеңісі.

— Бүгін «Астана» қос жеңіске қол жеткізді — клубтың жастар командасы да Албанияның «Влазниясын» ұтты!

— Иә, жастарымыз УЕФА Жасөспірімдер лигасын тамаша бастады. Біз «Астананың» турнирдің келесі раундына шығатынына үміт артамыз. Жас ойыншыларды және бапкерлер құрамын жеңіспен құттықтаймыз!

— Негізгі командаға оралсақ, «Астана» «Реннді» жеңген соң, УЕФА Еуропа лигасының «К» тобында көшбасшыға айналды. Осыған орай, қазақстандық клубтың турнирдің 1/16 финалына шығу мүмкіндігі күрт артты деуге бола ма?

— Алда 4 ауыр ойын тұр. Олардың әрбірінде қарсыластар бізге қарсы ерекше дайындықпен алаңға шығады. Топта әлі ештеңе шешімін табуға жақындаған да жоқ, қарсыластарымыздың барлығы да мүмкіндікке ие. Біздің футболшылар да, бапкерлер де бүгінгі жетістікке тоқмейілсінбей, келесі ойындарға барынша мұқият дайындалады деген үміттемін. Бізді ел чемпионатындағы «Ақтөбеге» қарсы сырт алаңда өтетін ауыр кездесу күтіп тұр. Бұл ойынның мәні ерекше зор, сондықтан команда демалыссыз, ертең-ақ осы ойынға дайындықты бастайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или