Василий Маруняк: Біз бұдан да көп гол соғуымыз керек еді, бірақ нәтижеге көңілім толады
«Астана» командасы жасөспірімдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы кездесуінде Албанияның «Влазния» командасын 3:1 есебімен жеңді. Кездесуден кейін команда бас бапкері Василий Маруняк клубтың баспасөзқызметінеойын туралы пікірін білдірді.
- Ойын соңында гол өткізіп алсақ та бүгінгі нәтижеге көңілім толады. Біз албаниялық футболшылардың ойынын көргенімізбен, оларды толықтай зерттей алмадық. Дегенмен шәкірттеріме олардыңөте жақсы ойнайтынын, бір-біріне алыстан пас асыратынын ескерттім. Жалпы, жігіттер ойынды өз бақылауларында ұстап, агрессивті ойнап, жылдам гол соғуға мүмкіндік алды. Әрине, екінші таймда ойынды және допты өз бақылауымызда ұстай алмағанымыз өкінішті. Дегенмен алғашқы ойын болған соң жігіттерде  аздаған толқыныс, кей жерде кемшін түсіп жатты. Матчтың екінші бөлігінде гол соғатын бірнеше сәт болғанымен оны жүзеге асыра алмадық. Десе де қарымта матчқа жоғары көңіл күйде барамыз.
- Қарсылас команда сізді таң қалдыра алды ма?
- Біз олардың жақсы жүгіріп, физикалық дайындығы жоғары екендігін білдік. Ойыншыларға олардың қапталдан жиі шабуылдайтынын және жылдам ойнайтынын да ескерттім. Бұл біз үшін халықаралық деңгейдегі алғашқы тәжірибе болмақ. Осы орайда барлық футболшыларыма барлық тапсырманы лайықты орындағаны үшін алғыс айтқым келеді. Еуропаға жорғымыз сәтті басталғанына қуаныштымын.
- Бүгінгі ойынды есепке ала отырып, қарымта матч алдында өзгерістер бола ма?
- Қарымта кездесу алдында бүгінгі ойынды қарап, сараптама жасап шығамыз. Қай жерде басым түстік, қай жерде қателік жібердік бәрін зерделейтін боламыз. Сондай-ақ жігіттермен сөйлесіп, келесі ойынға жан-жақты дайындаламыз. Әсіресе шабуылды нәтижелі аяқтау үшін әлі де еңбектену керек. Дегенмен, бүгін футболшыларым қорғаныста өте сәтті ойнады. Бізде бірнеше гол соғатын сәттер болғанымен, соңғы нүктені қоятын футболшы табылмады. Бізді қазір Екінші Лигада өте тығыз ойын кестесі тұр. Күшімізді қалай жұмсайтынымызды ақылдасып, жауапты ойынға жақсы формада барамыз деп үміттенемін.
- Әлім Ілиясовтың дайындығы қалай? Жарақатынан соң ойын тәжірибесін жинап жатыр ма?
- Әлім біздің негізгі ойыншымыз. Ол Екінші Лиганың Шымкентте өткен кездесуде 25 минут алаңға шығып, аздап шаршап, кей жерлерде қателік жіберіп жатты. Сондықтан, оны алмастыруға мәжбүр болдық. Қазір ол ақырындап қалпына еніп келе жатыр. Бәлкім, қарымта кездесуге дейін формасына келіп үлгеруі мүмкін. Ол біздің үміт күттіретін қорғаушымыз. Оның халықаралық ойындарда тәжірибесі бар.
- Бүгін ойынға қосалқы құрамдағы ойыншыларды тым кеш шығардыңыз. Бұл немен байланысты?
- Біз ойын барысын бұзып алмау үшін алаңға тың күш күшті кеш шығаруға шешім қабылдадық. Біз ойынға көмектесе алатын ойыншыларды шығарғымыз келген, бірақ, Руслан Маханды шығару кезінде аздап қателестік. Оның қарапайым жағдайдағы жіберген қателігі біздің қақпамызға гол соғылуына әкеп соқты. Жалпы алғанда, бізде тәжірибесі аз жас ойыншылар көп. Сондықтан ең мықтылары ғана алаңға шығады.