Ыcқақов пен Омаров жылдың соңына дейін төрелік етуден шеттетілді

Ыcқақов пен Омаров жылдың соңына дейін төрелік етуден шеттетілді
Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде Сейілда Байшақовтың төрағалығымен Төрешілер комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Prospots.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жиында төреші Марат Ысқақовтың деңгейі Премьер-лига талабына сай келмейтіні жөнінде мәселе қаралды. Төрешілер комитетінің шешімімен Марат Ысқақов жыл соңына дейін арнайы шешім шыққанша Премьер-лига, Бірінші лига және Екінші лига клубтарының матчтарында қызмет атқарудан шеттетілді.

Сонымен қатар, төреші Рүстем Омаров та бірауыздан Премьер-лига, Бірінші лига және Екінші лига клубтарының матчтарында жыл соңына дейін төрелік ету құқынан айырылды. Оның қызметі моральдық-этикалық ережеге сай келмеуіне байланысты қаралды.

Төрешілер комитетінің отырысында 2019 жылғы ФИФА тізіміне ұсынылатын үміткерлердің тізімі бекітілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или