«Ақжайық» ФК Түркиядағы оқу-жаттығу жиынынан оралды

«Ақжайық» ФК Түркиядағы оқу-жаттығу жиынынан оралды
<p style="text-align: justify;"> <strong>Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында өнер көрсететін Оралдық &laquo;Ақжайық&raquo; Түркиядағы оқу-жаттығу жиынынан оралды.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Тәжірибелі қазақстандық бапкер Бауыржан Баймұхамедов жаттықтыратын &laquo;Ақжайық&raquo; құрамында - барлығы да жергілікті футболшылар. Оралдан 12 желтоқсан күні аттанып, 28 желтоқсан күні оралған олар Түркиядағы жаттығудың босқа кетпегенін айтады. &laquo;Күніне екі рет жаттықтық. Бірнеше командамен жасыл алаңға шықтық. Түркияның бір командасын 4:2 есебімен ұтсақ, &laquo;Аланияспорға&raquo; 1:2 есебімен есе жібердік. Ал 2013 жылы премьер-лигаға жолдама алған Қызылорданың &laquo;Қайсарымен&raquo; 0:0 есебімен тең ойнадық. Жаттығу жиыны қаңтар айында жалғасады. Командаға жаңа ойыншылардың алыну-алынбауы да, әрине, қаржыға байланысты&raquo;, - деді команда ойыншысы Азамат Хасанов.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или