Марадона: Мессиге Аргентина құрамасына оралмау керек

Марадона: Мессиге Аргентина құрамасына оралмау керек

Аргентинаның аңызына айналған Диего Марадона «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессиге Аргентина құрамасына оралмаған дұрыс екенін айтты.

«Мен оған ұлттық құрамаға оралмауға кеңес беремін. Аргентинаның U-15 құрамасы ұтылса да, Месси кінәлі. Чемпионатта «Расинг» пен «Бока Хуниорс» кездессе де, Месси кінәлі. Барлығына да сол кінәлі болып шығады. Менің Леоға айтарым: «Құрамаға оралма. Өздері не істей алатынын көрейік», - деді Марадона.

Айта кетейік, биыл Ресейде өткен әлем чемпионатында Месси бастаған аргентиналықтар сүреңсіз ойын көрсетіп, турнирдің 1/8 финалында ұшып кеткен болатын. Ал топтық кезеңде Хорватия құрамасынан 0:3 есебімен жеңілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или