Зинедин Зидан «Ювентустың» бас директоры болуы мүмкін

Зинедин Зидан «Ювентустың» бас директоры болуы мүмкін

«Реал Мадридтің» бұрынғы бас бапкері Зинедин Зидан мансабын «Ювентуста» жалғастыруы мүмкін.

«Бьянконери» 46 жастағы французды клубтың бас директоры қызметіне кандидат ретінде қарастырып жатыр.

29 қыркүйекте осы қызметте 8 жыл жұмыс істеген Джузеппе Маротта орнынан кететінін хабарлаған болатын. Зиданнан бөлек, Павел Недвед, Фабио Паратичи және Мишель Ува осы қызметке кандидат болып отыр.

Айта кетейік, Зидан 1996-2001 жылдар арасында «Ювентуста» ойнаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или