Алматыда Тоқмұхамед Садықовты еске алуға арналған турнир өтті

Алматыда Тоқмұхамед Садықовты еске алуға арналған турнир өтті
26-30 қыркүйек аралығында студенттер арасында ҚР академигі Тоқмұхамед Садықовтың 80 жылдығына байланысты еске алуға арналған республикалық турнир өтті, деп жазады ҚФФ-ның ресми сайты.

Тоқмұхамед Садықов 1987 - 2008 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін басқарды. Турнирдің ашылу рәсіміне Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов, Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев, қазақстандық футболдың ардагері Вахид Масудов қатысты. 

Жарысқа әртүрлі оқу орындарынан 10 команда қатысты. 

Турнир қорытындысы:

1 орын – Қазақ спорт және туризм академиясы 

2 орын – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

3 орын - Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или