Григорий Бабаян: Жанкүйерлерді маңызды жеңіспен құттықтаймын

Григорий Бабаян: Жанкүйерлерді маңызды жеңіспен құттықтаймын

«Астана» - «Жетысу» (3:0) арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін, елордалық командасының бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы Григорий Бабаянның қатысуымен баспасөз жиыны өтті:

- Біз алғашқы таймда өзіміз қалайтындай деңгейдегі футболды көрсете алдық. Ойын өте жоғары жылдамдықта өрбіп, доптан айырылған сәтте прессинг көрсеттік. Соғылған голдан басқаның барлығын болды. Бұл біздің қазіргі уақытттағы бас ауыртар басты мәселеміз. Екінші таймда, өзімізге тән футбол мәнерін жоғалтып алдық. Бізге олай ойнауға болмайды. Дегенмен, ойын соңындаа қажетті голдарды соғу арқылы жеңіске жеттік. Жанкүйерлерді маңызды жеңіспен құттықтаймын!

- Алексей Щеткинді алмастыруыңыздың себебі неде? Сол қапталға төменірек ойнайтын Серікжан Мужиковты емес, басқа ойыншыны неге шығармадыңыз?

- Щеткин бұлшық етінің ауырсынғанын айтқаннан кейін, тәуекелге барғымыз келмеді. Ал Серікжанға келер болсақ, ол сол қапталда да ойнай алатын ойыншы. Егер, қосалқы құрамнан алаңға шыққан ойыншылар туралы айтар болсам, олардың ойынына көңілім толған жоқ. Бір ғана Маевский ойынға сіңісіп үлгерді.

- Роман Муртазаев неліктен ойынға қатысатын футболшылар тізіміне ілікпеді?

- Романның арқасы ауырып тұр. Жарақатының қаншалықты ауыр екендігі, ертеңгі өткізетін медициналық тексерістерден кейін белгілі болады.

- Команда екінші орында келе жатқан «Қайраттан» 7 ұпайға алға озып кетті. Чемпиондыққа уақытынан бұрын қол жеткіздікдеп ойлайсыздар ма?

- Әрине, жоқ. Алда алты тур бар. Кез-келген жағдай орын алуы мүмкін. Біздің қарсыластарымыз «Астанаға» қарсы алаңға шыққан кезде, соңғы ойындарына шыққандай дайындықпен шығады. Біз әр ойында жеңіске жетіп, шабуылшыларымыздың гол соққандығын қалаймыз. Бүгін Янганың нәтижелі соққысымен көзге түскендігіне қуаныштымын. Соғылған гол оған сенімділік береді деген ойдамын. Біздің құрамда одан бөлек 10 гол соққан Щеткин бар. Алексейдің бойында чемпионаттың үздік сұрмергені атануға болатын барлыққасиет бар. Муртазаевтың еншісінде 7 гол. Бұл «Астана» командасы. Сондықтан, жігіттер әр күн сайын жұмыс жасап, еңбектенулері қажет. Қатарымыздан кеткеніне жарты жыл болған Твумасидің еншісінде 8 гол. Ал Марин бүгін екі гол соғу арқылы өз нәтижесін 9 голға жеткізді. Енді, қалғанын өздеріңіз бағамдай беріңіздер.

- Алмейда өзінің қаншалықты бабында?

- Мен нақты айта алмаймын. Алайда, Ричард көп уақыт жаттығу жұмыстарына қатыспағандығына қарамастан, барынша еңбектеніп келеді. Командаға белгілі бір деңгейде өз көмегін тигізуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или