«Қайрат» «Ақтөбе» қақпасына алты гол соқты

«Қайрат» «Ақтөбе» қақпасына алты гол соқты

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 28-турында алматылық «Қайрат» «Ақтөбені» қабылдап, ірі есеппен жеңіске жетті.

Матчтың 10-минутында Магомед Парагульков есеп ашқан. Алты минуттан соң Георгий Жуков есепті еселеді. Ал 24-минутта Исаэль «Қайраттың» матчтағы үшінші голын соқты.

Екінші тайм да алматылықтардың голымен басталды – Адеринсола Эсеола қанжығасын майлаған. Көп ұзамай Эсеоланың орнына шыққан Мартон Эппель де көзге түсті.

66-минутта Абат Айымбетов есеп айырмасын қысқартты. Бірақ 72-минутта Исаэль тағы бір соғып, ойын нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 6:1.

«Қайрат» - «Ақтөбе»: 6:1 (3:0)

Голдар: Парагульков 10, Жуков 16, Исаэль 24, 72, Эсеола 49, Эппель 61 – Айымбетов 66

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или