Минимал – 1:0

Минимал – 1:0

Қазақстан чемпионатының 28-турындағы алғашқы үш матч бірдей есеппен тәмамдалды.

Үш кездесуде де алаң иелері жеңіске жетті.

Павлодарда жергілікті «Ертіс» «Атырауды» қабылдаған. Үзіліске дейін есеп ашылған жоқ. Ал екінші таймда «мұнайшылардың» футболшысы Юре Обшивац гол соқты. Бірақ «Ертістің» емес, өз қақпасына. Бұл гол павлодарлықтардың үш ұпай еншілеуіне жеткілікті болды.

Ал Петропавл қаласында «Қызыл-Жар СК» қызылордалық «Қайсармен» ойнады. Бұл матчтағы жалғыз гол ойын басында соғылды. 15-минутта Тимур Мульдинов қанжығасын майлап, алаң иелеріне жеңіс сыйлады.  

Ал қарағандылық «Шахтер» болса, оралдық «Ақжайықтан» айласын асырды. «Кеншілер» сапынан 31-минутта Антон Чичулин гол соқты. Қорытынды  есеп – 1:0.

Осылайша, турдағы алғашқы үш матчта турнир кестесінің соңғы үш сатысында келе жатқан командалар минималды есеппен жеңіске жетті.

Осы турдан соң «Қызыл-Жар СК» 30 ұпаймен бірден 8-ші орынға жоғарылады. Тоғызыншы сатыдағы «Ақжайықта» бір ұпай кем. Ал «Атырау» қауіпті аймаққа түсіп қалды – 28 ұпай.  «Шахтер» (11-орын, 27 ұпай) мен «Ертіс» (12-орын, 26 ұпай) өз орындарында қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или