Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегін Ресейде өткізбек
Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Умар Кремлев Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекті Ресейде өткізгісі келетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Чемпионат” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.<br />Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі Ресейде өтуі мүмкін
“Геннадийге қарымта кездесуге қол жеткізу керек. Соңына дейін бару керек. Үшінші ретте Головкин оны құлатады деп ойлаймын. Бұл жекпе-жектің Ресейде өткенін қалаймын. Бұл туралы Геннадийге ұсыныс жасамақ ойым бар.
Келер жылы бокс форумы болады. Форумның соңғы күніне Головкиннің жекпе-жегін қойсақ дейміз. Ойланып, ақылдасып, мүмкін келісерміз”, – дейді Кремлев.
Оның айтуынша, форум маусым айында өтуі мүмкін.
“Анық-қанығын кейін жариялайтын боламын. Оны өткізетін аймақты әлі таңдаған жоқпыз. Жақын арада болатын конференцияда жариялаймыз деп ойлаймын”, – деп атап өтті Кремлев.