Роналду: Модричті әлемнің үздік ойыншысы жүлдесімен құттықтаймын

Роналду: Модричті әлемнің үздік ойыншысы жүлдесімен құттықтаймын

«Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду бұрын «Реалда» бірге ойнаған әріптесі Лука Модричті ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы жүлдесімен құттықтады.

«Модричті әлемнің үздік ойыншысы жүлдесімен құттықтаймын. Салахқа келер болсақ, ол Ференц Пушкаш атындағы жүлдені әділетті алды, себебі оның голы әдемі болды», - деді Роналду.

Айта кетейік, Роналду ФИФА-ның үздік ойыншысы жүлдесіне басты үміткерлердің бірі болған еді. Бірақ ол тығыз кестесіне байланысты марапаттау рәсіміне барған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или