Диего Коста: «Атлетико» мен «Реал» бір-бірін қырып жояды

Диего Коста: «Атлетико» мен «Реал» бір-бірін қырып жояды

«Атлетико» шабуылшысы Диего Коста командасы «Реалмен» ойында агрессивті әрекет керектігін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz

- Біз «Реалды» ұтуымыз керек, - дейді Коста Marca-ға берген сұқбатында. - Олар бізді қырып, жойғысы келеді. Біз де олардан әлдеқайда агрессивті әрекетте боламыз және көп гол соғуға тырысамыз. Мен неліктен «Атлетикоға» оралдым? Бұл жағынан маған Диего Симеоне көмектесті. Мен оны адам ретінде және жаттықтырушы ретінде жақсы көремін. «Атлетико» қазіргі таңда мықты ойыншылары бар клуб.

Коста «Атлетико» клубында 2010 жылдан бастап 2014 жылға дейін ойнап, одан кейін «Челсиге» ауысқан болатын. 2018 жылы футболшы Мадридке қайта оралды.

Ағымдағы маусымда Коста «Атлетико» үшін 8 матч өткізіп, 3 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или