«Ақтөбе» футбол клубы не үшін сатылымға қойылды

«Ақтөбе» футбол клубы не үшін сатылымға қойылды

Ақтөбе әкімдігі футбол клубының сатылу себебін Ақтөбе облыстық қаржы басқармасы клубтың сатылу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Жақында «Ақтөбе» футбол клубы 7 жылға сенімгерлік басқаруға беріліп, кейін сатылатыны туралы ақпарат шыққан болатын. Бұған дейін хабарлағанымыздай, клуб құны - 100 миллион теңге.

«Өңірде 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендіру кестесі белгіленді. Кешенді жоспарда 9 нысан бар. Соның бірі - «Ақтөбе» ФК. Жекешелендіру ережесіне сәйкес комиссия бастапқы құны 100 миллион теңге болады деп шешті. Сайтқа хабарландыру берілді. Қызығушылық танытып отырған адамдар туралы айта алмаймыз. Ал өтпеген жағдайда екінші кезең бар. Сол кезде тағы ақпарат беремін. Банкроттық туралы ештеңе айта алмаймын»,- дейді облыстық қаржы басқармасының басшысы Гүлназ Сисенова. 

«2018 жылы футболшылар алдында қарызымыз жоқ. Олар жалақысы мен сыйақысын алып отыр. Қарыз 2014-2016 жылдары аралығында жиналған. Негізі бәрі жалақыны алған тек сыйақылары ел заңнамасына сай есептелмеген. Қарыз туралы нақты айта алмаймын. Ал басқарма бұрынғы футболшыларға қатысты азаматтық арыз түсірген еді. Келісім жүріп, арыз қайтарып алынды»,- дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов.

Фото: «Ақтөбе» футбол клубы баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или