Instat. Сергей Малый – «Атырау» мен «Астана» матчының үздік ойыншысы

Instat. Сергей Малый – «Атырау» мен «Астана» матчының үздік ойыншысы

«Астана» Премьер-Лиганың 25-ші туры аясында сырт алаңда «Атырау» командасымен кездесіп, 1:0 есебімен басым түсті.

Ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Instat аналитикалық компаниясы осы кездесудеге қатысқан ойыншылардың Index нәтижелерін жариялады.

Осы нәтижелер бойынша елорда қорғаушысы Сергей Малый үздік атанды. «Астана» және Қазақстан құрамасының қорғаушысы кездесу барысындағы талас-тартыстың 71%-да жеңіске жетіп, 9 мәрте қарсылас ойыншысынан допты тартып алған.

Instat Index бойынша екінші орында Александр Мокин. Астаналықтардың қақпашысы қақпасына бағытталған екі соққыны қайтарып, қақпасын «құрғақ» сақтап қалған болатын.

Үздік үштікті Серікжан Мужиков қорытындылады. Серікжан «Атырау» қақпасына бес рет соққы бағыттап, айып алаңына пас асыру көрсеткіші бойынша үздік шықты.

Инстат Индекс бойынша үздік бестік:
1.Сергей Малый 280
2.Александр Мокин 274
3.Серікжан Мужиков 250
4. Дмитрий Шомко 241
5. Марин Аничич 239

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или