«МЮ» осы маусымнан соң Моуриньомен қоштаспақ
«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Жозе Моуриньо осы маусымнан соң командадан кетуі әбден ықтимал.
Le10sport.com ақпаратына сүйенсек, «қызыл сойқандардың» басшылығы португалиялық маманмен осы маусым барысында немесе біткеннен кейін қоштасуға дайын. Бұған себеп – клубтың осы маусымдағы нәтижелерінен бөлек, бапкер мен кей ойыншылар арасындағы өзара қатынастың бұзылуы.
Моуриньо командадан кеткен соң «МЮ» басшылығы екі кандидатты көздеп отыр. Олар – мадридтік «Реалдың» бұрынғы бапкері Зинедин Зидан мен «Тоттенхэмді» жаттықтыратын Маурисио Почеттино.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, манчестерлік клубтың тізгінін Зидан ұстауы әбден мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или