УЕФА Роналдуды тек бір ойынға шеттетті

УЕФА Роналдуды тек бір ойынға шеттетті

<span lang="kk">Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі аясында өткен испаниялық «Валенсиямен» болған матчтан кейін «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдуға қатысты тәртіптік іс қозғады.</span>

<span lang="kk">Форвардқа қатысты іс этика және тәртіп бойынша басқармамен қарастырылды. Роналду тек бір ойынға шеттетілумен шектелді. Ол</span><span lang="kk"> «Янг Бойз» командасымен ойынға шықпайды.</span>

Естеріңізге сала кетейік, 19 қыркүйекте Роналду «Валенсиямен» матчта қызыл карточка алды. <span lang="kk">33 жастағы футболшы өзінің мансабында алғаш рет Чемпиондар Лигасында қызыл қағазға ие болды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или